KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.37 531.06 5.05

Бүлдіршін балабақшаның терезесінен құлап кетті – Алтай ауданы

Фото: egemen.kz

13.07.2023, 15:22 195 Ләззат Қанатқызы

11 шілде күні Алтай қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің бірінде 5 жастағы бүлдіршін терезеден құлап кеткен.

Оқыс оқиға "Марат-Сұлтан" балабақшасында тыныштық сағаты кезінде болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Баланың жағдайы тұрақты. Абырой болғанда, аман-есен, ешқай жері сынбаған. Тек іші көгеріп қалған. Дәрігерлер оны апта соңына дейін шығаратынын айтқан болатын. Ал қазір оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүріп жатыр, дейді Алтай аудандық білім бөліміндегілер.

ШҚО ПД аталған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив