KZ
Өскемен
+1°
снег жел 6 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

ШҚО-да 5 бала бейімдеу орталығына орналастырылды

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

18.07.2023, 17:29 186 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні 66 құқық бұзушылық анықталды.

17-19 шілде аралығында облыс аумағында жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған "Түнгі қаладағы балалар" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің бірінші күні 66 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:

- 15 құқық бұзушылық - ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерін орындамауы);

4 бұзушылық - ҚР ӘҚБтК-нің 434-435-бабы бойынша (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық);

3 бұзушылық – ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі бойынша (қоғамдық орындарда 18 жасқа толмаған адамдардың масаң күйде пайда болуы және олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі);

44 бұзушылық – ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы).

  "ЖПІШ-тің бірінші күні ғана бес бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Мысалы, Глубокое ауданының ПБ қызметкерлеріне Белоусовка ауылында жеті жасар баланың анасы алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде теріс пайдаланатыны, баланы бақыламайтыны, осы отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні туралы ақпарат келіп түсті. Хабар алғаннан кейін полиция қызметкерлері оқшаулау шараларын қабылдап, бала Жаңа Бұқтырма кентіндегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазіргі уақытта ананың ата-ана құқығынан айыру үшін құжаттар жиналуда", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу