KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Ең көп сатылған көлік қайсы?

Фото: 7kun.kz

24.07.2023, 14:28 267 Оразай Жеңісұлы

Биыл ең танымал брендтердің ондығына қытайлық бес марка кірді.

Ел тұрғындары көбіне Chevrolet және Hyundai маркалы көліктерді сатып алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Finprom деректеріне сүйенсек, елімізде жаңа автокөліктердің ең танымал брендтерін отандық Chevrolet және Hyundai зауыттары шығарады, олардың сатылымы жалпы көлемнің жартысынан көбіне тең: Chevrolet – 17,6 мың және Hyundai – 17,4 мың автомобиль. Қазақстанда құрастырылған брендтің сатылымы бойынша алғашқы үштікті Kia маркалы көлік (бес айда 9,9 мың жаңа көлік) аяқтап тұр.

Биыл ең танымал брендтердің ондығына қытайлық бес марка кірді: Chery (3,4 мың автокөлік), Haval (2,1 мың), Exeed (1,7 мың), Changan (1,6 мың) және Jac (1,5 мың). Сондай-ақ сатылымдардың басында Toyota (3,2 мың автокөлік) мен Lexus (1,4 мың).

«Қазақстанда көлік сатып алуға қатысты жағдай бүкіл әлемге қарағанда жақсырақ. Биылғы қаңтар-мамыр айларында 66,3 мың жаңа автокөлік сатылды. Бұл 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 65,8 пайызға артық», - делінген мәліметте. 

Сонымен қатар екінші ай қатарынан рекордтық ай сайынғы сатылымдар тіркелді. Биыл мамыр айында 14,7 мың жаңа көлік сатылды – бұл автосалондардағы кезек ақыры біткенін білдіреді. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив