Қазақстанда пәтерді жалға алу құны қымбаттап жатыр
Фото: liter.kz
27 маусымнан 26 шілдеге дейінгі аралықта баспананы жалға алу 4,2%-ға өскен, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты inbusiness.kz-ке-сілтеме жасап.
Баға 13 қаланың 11-інде айтарлықтай көтерілгені байқалды. Пәтерақы Қостанай мен Петропавлда 10%-ға, Алматы мен Шымкентте 7%-ға, Ақтауда 5%, Ақтөбеде 4%, Астана, Қарағанды, Оралда 3%, Павлодар мен Көкшетауда 2%-ға артқан. Атырауда баға өзгермеген.
27 шілдедегі есеп бойынша, елдегі тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы:
– бір бөлмелі – 124 мың теңге;
– екі бөлмелі – 165 мың теңге;
– үш бөлмелі – 209 мың теңге.
Оқи отырыңыз