Өскеменде пәтер арзандап жатыр
Фото: shutterstock.com
Мамырда еліміздің 13 қаласында екінші нарықтағы пәтер бағасы төмендеді. Тек төрт қалада қымбаттап жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Krisha.kz ресурсына сілтеме жасап.
Өткен айдың қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңге болған. Бұл сәуірге қарағанда 0,4%-ға аз.
Баға қатты төмендеген қалалар:
- Астанада – 1,3%;
- Өскеменде – 1,2%;
- Атырау – 1%;
- Алматы – 0,9% төмендеген.
Шымкентте, Таразда (+0.2 %), Семейде (+0.4 %), Ақтауда (0.5 %) баға көтерілген.
Мамырдың қорытындысы бойынша 1 шаршы метрдің ең жоғары орташа бағасы:
Алматыда – 706 мың
Астанада – 475 мың
Шымкентте – 433 мың.
Ең төмені – Қызылордада (236 мың), Ақтөбеде (293 мың), Таразда (306 мың) тіркелген.
Жыл басынан бері екінші нарықтағы пәтерлер айтарлықтай қымбаттады: +0,4%.
Ең қатты өсім – Ақтауда +4,2%, ең төмені Көкшетауда – 3,3%.
Жалпы, бес айда 12 қалада баспана қымбаттаған, соның ішінде Алматыда, Шымкентте – 2%, бес қалада, соның ішінде Астанада 1,7% арзандаған.
Ал, бір жылдық динамика бойынша (2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың мамырына дейін), екінші нарық орташа 3,8%-ға қымбаттаған.
Ең үлкен өсім Ақтауда – 13,4%. Ең төмені Талдықорғанда – 5,2%.