ШҚО-да шетелдік көлікті заңдастырамын деген алаяқ ұсталды
Фото: otyrar.kz
Облыс орталығында шетелдік көліктің құжаттарын заңдастырып беремін деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды.
Екі адамды алдап соққан «ХҚКО қызметкері» екі миллион теңгеге жуық пайда көрген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алаяқ өзін халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерімін деп таныстырған. Жасы 28-де.
«Күдіктінің шетелдік автокөлікті заңдастыру қызметімен айналысуға заңды құқығы жоқ. 2 азаматтың сеніміне кірген алаяқ 1 млн 700 мың теңге пайда көрген. Жәбірленушілердің шағымынан соң іс сотқа жөнелтілді. Сот шешімімен айыпталушының бас бостандығы 3 жыл 7 ай мергімзе шектелді», - деп жазылған хабарламада.
Заң бұзушы пробациялық бақылауға алынды, алайда пробация қызметкерлерінен жалтарған жағдайда темір торға қамалады.