KZ
Өскемен
-8°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
516.93 542.52 4.98

ШҚО-да тұрғындарды алдап соққан «ресейлік кадрлық агент» ұсталды

29.03.2019, 06:05 215

 

ШҚО-да тұрғындарды алдап соққан «ресейлік кадрлық агент» ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Полицияның ақпаратына сүйенсек, Семей қаласының тұрғыны интернетке Ресей аумағындағы орман шаруашылығында жұмыс тауып беретіні туралы хабарлама таратқан. Жоғары айлық төленетінін де жазған екен алаяқ.

 

«Агент» өз қызметі үшін 7 мың теңге алған. Аңғал тұрғындардың ақшасын қалтаға басқан соң, із-түссіз жоқ болып кетіп отырған.

 

– Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, қолға түсірді. Алаяқ – 45 жастағы Семей тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазіргі уақытта айыпталушының өзге де осы тақілеттес қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу