KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 8 м/с, В
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Нан қымбаттауы мүмкін бе? Министр жауап берді

Фото: azattyq-ruhy.kz

22.08.2023, 14:33 227 Оразай Жеңісұлы

Су тапшылығынан зардап шеккен егіс алқаптарына байланысты нан қымбаттауы мүмкін бе? Бұл сұраққа Үкімет отырысынан кейін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Дән, дәнді-бұршақты дақылдар, өнімдер бағасының өсуі байқалмайды. Сол себепті біздің жоспарымызға сай, нан мен ұнның құны тұрақты болады. Азық-түлік корпорациясының қорында бидай жеткілікті. Өзіміздің ішкі нарық тұтынушыларының сұранысын толық қамтамасыз етеміз», - деп жауап берді Ербол Қарашөкеев БАҚ өкілдерінің сауалына.

Сонымен қатар министр елімізде екі жыл қатарынан нан бағасы арзандап жатқанын атап өтті. Сондықтан биыл да оның құнын көтеру жоспарланып отырған жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу