ШҚО-да дәрі-дәрмек 0,6 пайызға қымбаттады
Фото: www.google.com
Шілде айында фармацевтика өнімдері 0,2 пайызға қымбаттады. Бір жыл ішінде баға 10,8 пайызға өсіп отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрі-дәрмек бағасы бір ай ішінде Павлодар облысында 1,2 пайызға, Ұлытау облысында 0,7 пайызға, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қостанайда 0,6 пайызға өскен. Атырау мен Ақмолада баға өзгермеген. Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарында, керісінше, 0,4, 0,3 және 0,1 пайызға арзандаған.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға 4 мың тонна дәрі-дәрмек кіргізді, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға аз. Ең көп дәрі-дәрмек Ресейден әкелінеді: 40,9 млн АҚШ долларына 2,9 мың тонна. Сондай-ақ Қазақстан Беларусь пен Украинадан айтарлықтай дәрі-дәрмек импорттайды: 609,9 және 413,3 тонна.
ТМД құрамына енбейтін басқа елдерден импорт көлемі 9,9 мың тонна болды. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 19,9%-ке көп. Үздік үштік құрамында Қытай (2,2 мың тонна), Германия (1,3 мың тонна) және Үндістан (1,2 мың тонна) бар.