KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Ұландықтар еңбек ардагеріне құрмет көрсетті - ШҚО

2.10.2023, 17:03 241 Ләззат Қанатқызы

Қарттар күніне орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы, подполковник Денис Ча  және өңірлік қолбасшылықтың ардагерлер кеңесінің төрағасы полковник Айдар Оразбаев  Ұлы Отан  соғысының ардагері  Иван Гагаринді арнайы құттықтап барды.

Мерейлі мереке қарсаңында тыл еңбеккері 89 жасты еңсеріпті. Еңбек ардагерінің үй ауласында  5518 әскери бөлімінің әскери оркестрі  бірнеше музыкалық шығармалар орындады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының атынан алғыс хат пен азық-түліктер  табыс етілді.

Иван Гагарин бүгінге дейін  өңірлік қолбасшылықтағы  ардагерлер ұйымының қоғамдық жұмыстары мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге  белсене қатысатын көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив