KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы өседі

Фото: el.kz

20.10.2023, 15:51 320 Ләззат Қанатқызы

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде асырушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы көлемі мен еңбекке қабілеттіліктен айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері артады.

Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Altaynews тілшісіҮкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құжатта 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген. Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес ҚР Үкіметі еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу