KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 5 м/с, В
480.55 533.75 5.36

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Фото: Aikyn.kz

22.10.2023, 09:08 616 Ләззат Қанатқызы

22 қазанда жел күшейіп, жауын-шашын болуы мүмкін.

Бүгін түнде ШҚО-ның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кей аймақтарда тұман түсуі ықтимал.

- Күндіз солтүстікте, облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, - дейді синоптиктер.

ШҚО ТЖД азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

Жел кезінде:

  • Жөнделіп жатқан ғимараттардың,  электр желілерінің және ағаштардың жанымен жүрмеуге тырысыңыз.
  • Автокөлікті ағаштардың астына қоймаңыз.
  • Тұман болған жағдайда автожолдарда қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.

Төтенше жағдай кезінде бірден 112 нөмірі бойынша хабар беріңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив