Өрт сөндірушілер теміржол көлігінде оқу-жаттығу өткізді – ШҚО
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД мамандары теміржол көлігінде болған «төтенше жағдайдың» алдын алды.
Жоспар бойынша теміржол цистернасының апаттық қысымын төмендету нәтижесінде сұйық аммиак төгіліп, жақын маңдағы вагон жанып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Теміржолда тұрған өзге де цистерналарға өрттің таралу қаупі туындады. Ал апат туралы хабар берген пойыз құрастырушысы есінен танып қалады. Оған көкмекке келген өрт сөндірушілер ер адамды қауіпті аймақтан алып шығып, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.
Оқу-жаттығу барысында бөлімшелерге жауынгерлік тапсырманы қиындататын қосымша кіріспе де пысықталған. Оларды оқу-жаттығу жетекшісі анықтады.