Доллардың бүгінгі бағамы қандай болды?
фото: kapital.kz
Kurs.kz деректері сүйенсек, Алматыдағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,9-461,7 теңгеге сатылып жатыр. Ал Астанада доллар 459-463 теңге аралығында құбылып тұрған көрінеді.
Алматыда Ресей рублі 5,01 – 5,21 теңге, Астанада 5,07 - 5,17 теңге аралығында саудалануда. Ұлттық банктің 1 желтоқсанға белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 458,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы –5,17 теңге.
Айта кетейік, 30 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,78 теңгеге төмендеп 458, 24 теңге болған.
Оқи отырыңыз