Доллар бүгін қаншаға саудаланып жатыр?
Фото: kapital.kz
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458–462 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 457,5 – 462 теңге аралығында құбылып тұр.
24 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,36 теңгеге қымбаттап, 461,73 теңге болған. Ұлттық банктің 25 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 462,04 теңге. Ресей рублінің сараланған орташа бағамы 4,89 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75-4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,77-4,87 теңгеден сатылуда.
Оқи отырыңыз