Аяз және жел екпіні: Оқушылар қай кезде қашықтықтан оқиды?
фото: liter.kz
Оқушыларды қашықтықтан оқыту туралы шешім қабылданар кезде ауа температурасымен бірге жел екпіні де ескеріледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Желдің жылдамдығы секундына екі метрден төмен болған кезде:
минус 28°С және одан төмен болғанда – 1-4 сынып;
минус 32°С және одан болғанда – 5-9 сынып;
минус 34°С және одан төмен болғанда – 10-11 сынып оқушылары мен колледждердің бірінші және екінші курс студенттері онлайн оқуға көшеді.
Желдің жылдамдығы секундына екі метрден жоғары болған кезде:
минус 23°С және одан төмен болғанда – 1-4 сынып;
минус 27°С және одан төмен болғанда – 5-9 сынып;
минус 29°С және одан төмен болғанда – 10-11 сынып оқушылары мен колледждердің бірінші және екінші курс студенттері қашықтықтан оқыту форматында білім алады.
Сондай-ақ көктайғақ болғанда және жел екпіні күшейген кезде де мектептер мен колледждерде сабақ тоқтатылады.
Сабақты тоқтату туралы шешім білім басқармалары мен бөлімдерінің деңгейінде және мектеп деңгейінде де қабылданады. Мәселен, шалғайдағы ауыл-аймақ пен орталыққа жақын орналасқан елді мекендерде күн райы бірдей бола бермейді. Сондай жағдайда мектеп директорлары өз бетінше шешім қабылдай алады.