KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 3 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Шариғатта екпе егуге тыйым салынбаған – Ермек қажы Мұқатай

Фото: zhivika.ru

8.12.2023, 17:37 242

Исламда екпе алуға, вакцинаға ешқандай тыйым салынбаған.

Мұндай пікіріді облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Алла тағала құранда: «өз өздеріңді қауіпке тастамаңдар» деген дейді бас имам.

- Адам баласына берілген ең үлкен аманттың бірі - денсаулық. Еліміздің келешегі саналатын жас ұрпақтың, жалпы ұлтымыздың азаматтарының денсаулығы жақсы болуы керек. Сол себепті біз жұқпалы аурулардан, басқа да аурулардан сақтанып, өзіміздің денсаулығымызды күтуіміз керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір өсиетінде адамдарға: «ауырмастан бұрын денсаулықтың қадірін біл» деп айтады. Қазіргі таңда түрлі жұқпалы аурулар, соның ішінде қызылша ауруы белең алып жатқан кезде адамдар ол кеселдерден өздерін сақтандыруы қажет. Дінімізде жұқпалы аурулардың алдын алып, екпе салуға рұқсат етілген. Дінді сылтау етудің қажеті жоқ. Шариғат талаптарына сай медициналық тұрғыда тексеруден өткен екпелерді егуге тыйым салынбаған, екпе салудың дінге ешқандай қайшылығы жоқ. Медициналық мекемелердің тілектері бойынша екпенің дінге қайшы келмейтінін, зиянсыздығын жамағатқа түсіндіріп, жеткізіп келеміз, -дейді облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай

Антиваксерлердің айтып жатқан түрлі уәждерін сынға алған бас имам пандемия кезінде халықтың алысқа бармауы үшін, өздеріне қолайлы жерде, облыстық мешіттің ішінен екпе салу орынын да ашып, екпелердің қажеттілігін дін өкілдері халыққа қалай түсіндіргенін еске салды. 


Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив