KZ
Өскемен
+2°
туман жел 2 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Айды игеруге 3D-технологиясы көмектеседі

18.12.2023, 09:00 146 Назерке Каримова

Қытай кейінгі жылдары ғарышты игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Енді шығысымыздағы көрші ел 3Д-технологиясының көмегімен Айда ғимараттар салуға ниетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі 24kz арнасына сілтеме жасап. 

Ол үшін 5 жылдан кейін «Чанъэ-8» миссиясын ұшырмақ. Соның барысында Айға құрылыс жұмыстарымен айналысатын роботты жібереді. Қытай ғалымдары бұл бағытта 3Д-технологияның артықшылығы көп екенін айтады. Өйткені ол арқылы құрылысқа қажетті заттар зондтың өзінде басып шығарылады. Демек Жерден материал тасудың қажеті болмайды. Бұл қаржымен қоса уақыт та үнемдейді. Оның үстіне мұның бәрі автоматтандырылған. Сонда ғарышкерлерге төнген қауіп азаяды. Енді Айдағы базаның құрылысы алдағы 5 жыл ішінде басталуы тиіс.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив