Өскемендегі жаңа аудандардың бірінде аурухана салынады
Өскемендегі 19-шы шағын ауданда 300 орындық аурухана салу жоспарланып отыр.
Бұл туралы бүгін өтіп жатқан ШҚО әкімінің қала тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Кейінгі жылдары іргесі кеңейіп, қарқынды дамып келе жатқан Ертістің сол жағалауындағы жаңа аудандарда тұратын халықтың да саны арта түскен. Соған сәйкес әлеуметтік нысандардың қажеттілігі туындап отыр.
Жиында 20-шы шағын ауданның тұрғыны Қыдырғазы Баймұратов болашақта аталған елді мекендерде медицина мекемесін салу жөнінде сұрақ қойды.
– Жаңа аудандарда қосымша әлеуметтік мекемелер салу жоспарда бар. Алдымен Гематология орталығының құрылысын аяқтауымыз керек. Содан кейін 19-шы шағын ауданда аурухана салуды қолға аламыз. Ол үшін Қан орталығының маңынан жер қарастырылған, – деп атап өтті облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Оқи отырыңыз