МӘМС: 2024 жылға сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады?
Сурет ашық дереккөздерден алынды
Алдағы жылы дербес төлеушілер аударатын ай сайынғы жарна 4250 теңгеге, бір жылдың жарнасы 51 мың теңгеге жетеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сақтандырылмаған азаматтардың әлі де алдағы 12 айға жарна төлеп сақтандыру жүйесіне қосылуға мүмкіндігі бар.
Жарнаны жыл соңына дейін төлеген азаматтар 9 мың теңге үнемдей алады.
2023 жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңге. Ең төменгі жалақының 5 пайызын төлейтін дербес төлеушілердің ай сайынғы жарнасы биыл 3500 теңгені, ал бір жылдың жарнасы 42 мың теңгені құрайды.
Алдағы жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге жетпек. Осыған орай, ай сайынғы жарна 4250 теңгеге, бір жылдың жарнасы 51 мың теңге болады.