ШҚО-ның қай аудандарында жемқорлық фактісі жиі кездеседі?
фото: azh.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтің айтуынша, сыбайластық әрекеттері бойынша көрсеткіш бірнеше сала төңірегінде жиі кездеседі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Мәселен, Шемонаиха ауданының білім саласында сыбайластық әрекеттер бар.
– Тарбағатай ауданы сібір жарасын жұқтырған мал өлекселерін көму кезінде олқылықтарға жол беріп, назарға ілікті. Негізінде, мемлекеттік қызметшілер және мекемелер санының көптігіне қарай Өскемен көш бастап тұр. Түрлі департаменттер мен басқармалар бар. Сәйкесінше, сыбайластық тәукелдері де жиі тіркеледі, – деді ол.
Оқи отырыңыз