Соңғы 5 жылда мемлекеттік тапсырыспен 4,5 миллион кітап шықты
фото: inbusiness.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратына сүйенсек, елімізде 11 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейтінін. Кітапханаларда 25 мыңнан астам қызметкер бар. Ал кітап қоры 328 миллион данадан асты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
«Кітап қорын жаңарту бойынша да бірқатар шаралар қабылдануда. Соңғы 5 жылда, мемлекеттік тапсырыс аясында, 4,5 миллион кітап шығарылды. Шетелдік бестселлерлерді қазақ тіліне аудару — маңызды аспект болып табылады. Оқырмандардың сұранысына сай кітаптар шығару үшін арнайы әлеуметтік сауалнамалар жүргізу жоспарлануда», - деп жазды ведомство.
Оқи отырыңыз