Өскемен қаласы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті
Облыс орталығындағы Оқушылар шығармашылық сарайында Өскемен қаласы әкімінің мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шыршасы өтті.
Жаңа жылдық шырша жағу іс-шарасында ұйымдастырушылар оқушыларға ерекше концерттік бағдарлама ұсынып, оларды қуанышқа бөледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жаңа жылдық шыршаға қала әкімі Жақсылық Омар арнайы келіп қатысып, оқушыларды жаңа жылмен құттықтады.
– Жаңа жылда ғана емес, кез келген уақытта осынлай көңілді болуыларыңа тілектеспін. Сабақтарыңда жақсы оқып, жақындарыңа қуаныш сыйлаңдар. Жаңа жыл барлығымызға қуаныш әкелсін, – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Оқушылар ақшақармен бірге ән салып, аязатаны қуанышпен қарсы алды. Ұйымдастырушылар дайындаған концерттің бағдарлама оларға ерекше көңіл күй сыйлап, қуантып тастады.
– Мен бүгін аязата мен ақшақарды көріп, қуандым. Достармен бірге билеп, ән салдым. Бәріміз бірге жаңа жылдық шыршаны жақтық, – дейді №11 мектептің оқушысы Әмір Арманұлы.
Оқи отырыңыз