Өскеменде "Мандарин жарысы" өтеді
фото: marafon.ru
31 желтоқсан күні қаланың орталық алаңында ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Концерт және ойын-сауық бағдарламалардан бөлек қалалықтардың салауатты өмір салтын насихаттайтын бұқаралық спорттық шара да бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сағат 12.00-де Республика алаңында Шынығу клубы мен «Буран» қысқы жүзу клубының «морждар» тобының басқаруымен «Мандарин жарысы» өтеді. Айта кетсек, биыл бұл екі клубтың 50 жылдық мерейтолары екен.
Жарысқа қатысушылар Республика алаңынан шығып «Микен», «АДК» сауда үйінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолы арқылы Ертіс көпірінен өтіп, Сәтпаев көшесі, 50Б мекен жайына дейін жүгіреді. Бұдан соң «морждар» жиналып суға шомылады.
Сондай-ақ шара барысында қатысушылар осы бағыттағы жүгіре отырып жолай адамдарға мандарин таратады. «Мандарин жарысы» деп аталатыны сондықтан.
Қатысу үшін +7707 173 4245 (Куаныш) телефон номері бойынша тіркелу қажет. Қатысушылардың медициналық қарсы көрсетілімдері болмауы керек.