KZ
Өскемен
-22°
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
522.42 543.89 5.28

Ұлу жылынан қандай өзгеріс күтуге болады?

28.12.2023, 23:35 1 511

Келе жатқан 2024 жыл шығыс күнтізбесінде жасыл ағаш айдаһар жылы деп аталады және қытайлық зодиактың барлық он екі белгісі үшін керемет мүмкіндіктерге толы жыл болмақ. Қазақша айтсақ, келесі жыл – Ұлу жылы.

 

Айдаһар – бүкіл шығыс жұлдыз жорамалының ішіндегі ең жайлы символ, жалғыз мифтік және ең қуатты аң. Ол өзінің ұлылығымен белгілі, сол себепті оның жылдары да ең сәтті жылдар болып саналады. Айдаһар жаңбыр мен желді басқара алады, егіннің бітік шығуына әсер етеді, әлемге өркендеу мен күш-қуат әкеледі. Astrosage астрологиялық басылымының мәліметі бойынша Ұлу жылы ағаш белгісімен өтетіндіктен ол жаңа бастамалар, өсу, сәттілік, даму және өркендеу болатынын білдіреді.

 

Нумерологиялық зерттеулерге сенсек, 2024 жылы тіпті қол жетпейтіндей болып көрінген армандар мен тілектер де шындыққа айналатын кезең туады. Келесі жыл күтпеген жақсылықтар мен мүмкіндіктерге толы болады. Дегенмен, табысқа жету үшін өз күшіңізге сену, қорқынышты жеңу және жоспарды ұстану маңызды.

 

Сонымен, Ұлу жылы бізге не дайындап тұр екен?

 

Тышқан

(1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008, 2020 жылы туғандар)

Тышқандарда тұрақтылық пен өзгеріс енгізу арасында таңдау жасауға мүмкіндік болады.

Егер тышқан өзгеріске бел буып, батыл қадам жасаса, оған қызметте тамаша мүмкіндіктер ашылады. Жаңа мүмкіндіктер мен жобалар табыстың тұрақты өсуіне әкеледі. Соған қарамастан, тышқандарға абай болу қажет және жеңіл пайда табуға азғырулардан аулақ болғаны жөн. Мансап пен қаржыдан басқа, 2024 жылы тышқандардың өміріндегі маңызды аспектілердің бірі – олардың жан серігімен қарым-қатынасы.

Жұбайы, серіктесі немесе жақын досы болсын, тышқандар жақын қарым-қатынастағы жандарға жеткілікті уақыт пен көңіл бөлуге тиіс. Өзара түсіністік және қолдау көрсету үйлесімді қарым-қатынастың негізі болады.

 

Сиыр

(1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009, 2021 жылы туғандар)

Ұлу жылы сиырлардың өмірінің көптеген салаларында тұрақты даму басталады. Осы мүмкіндіктерді пайдалану үшін сабырлылық сақтап, тез шешім қабылдай білу және істерге жауапкершілікпен қарау керек. Жұмыста үлкен перспективалар ашылады, сондықтан кәсіби өсу үшін жаңа қиындықтар мен мүмкіндіктерге дайын болу керек. Алайда мансаптағы жетістік жеке өмірден алшақтатпауы қажет. Шын мәнінде жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдік үйлесімділікке жетудің негізгі факторы болады.

 

Барыс

(1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010, 2022 жылы туғандар)

Барыстар, келесі жыл сіздерге ұмытылмас тәжірибе мен өсу және даму мүмкіндіктерін уәде етеді. Естеріңізде болсын, тым жоғары амбиция үміттің ақталмауына әкелуі ықтимал. Сондықтан шешім қабылдау кезінде ақылға жеңдіріп, парасаттылықты сақтаңыз. Сіздің жеке өміріңіз түсінбеушіліктен туындаған кейбір қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бірақ үмітіңізді үзбеңіз, коммуникативті тәжірибе көптеген қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Өз ойларыңыз бен сезімдеріңізді білдіруден тартынбаңыз, диалогқа ашық болыңыз, сонда сіз өзара түсіністікке қол жеткізуге болатынын көресіз. Жыл соңына қарай ғалам сіздің жұмсаған күш-жігеріңіз үшін сыйақы уәде етеді.

 

Қоян

(1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011, 2023 жылы туғандар)

Жеке және рухани өзгерістер жолымен жүруге дайын адамдарды үлкен сәттілік күтеді. Ұлу жылы оларға өз әлеуетін ашуға және тұлға ретінде дамуға мүмкіндік береді. Бұл жаңа дағдыларды үйренуді, кәсіби дамуды немесе рухани ағартуды қамтуы мүмкін. Алда кездесетін қолайлы мүмкіндіктерді пайдалану үшін жаңа идеяларға ашық болу және өзгерістерге дайын болу маңызды. Дегенмен, импульсивті шешімдер мен әрекеттерден аулақ болу керек екенін есте ұстаған жөн. Тәуекел пайдалы болуы мүмкін, бірақ ол ақылға қонымды және ойланып істелуі керек.

 

Ұлу

(1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012 жылы туғандар)

2024 жыл осы жылдың символы – Ұлу үшін оқиғаға бай және қызықты болуға уәде береді. Жеңістер мен жетістіктер міндетті түрде болады, бірақ нәтижелерге қол жеткізу үшін күш салу қажеттілігін есте ұстаған жөн. Өз мүмкіндіктеріңізге шынайы көзқарасты сақтау үшін шамадан тыс сенімділіктен бас тарту маңызды. Алайда, жұмыс пен жетістіктерден басқа, Ұлуға дәл қазіргі сәттерден ләззат алып, армандарын біраз уақытқа ұмыта тұру керек. Өмір көптеген жағымды сәттерді ұсынады және олардың әрқайсысын бағалауды үйрену маңызды.

 

Жылан

(1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013 жылы туғандар)

Жыландар Ұлу жылы әртүрлі міндеттер мен қиындықтарға тап болады. Бұл кедергілерді ойдағыдай жеңу үшін стратегиялық көзқарасты сақтау керек және бір сәттік пайда үшін басты мақсаттан қол үзіп, күрес жолынан шығып қалуға жол бермеу керек. Жыландардың жеке өмірінде үйлесімділік орнайды. Жалғызбасты жыландар үшін ерекше адамды кездестіретін уақыт келеді. Өмірдің осы саласындағы өзгерістерден қорықпаңыз, олар сөзсіз орын алады және өздерімен бірге қуаныш пен бақыт әкелуі мүмкін.

 

Жылқы

(1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014 жылы туғандар )

Жылқылар үшін жыл қызықты және мүмкіндіктерге толы болады. Тағдыр олардың өз қолында болады, олардың табысқа жетуінде қабылдаған шешімдері мен басты нәрсеге назар аударуы маңызды рөл атқарады. Энергия мен ресурстарды текке рәсуа етпес үшін басымдықтарды нақты анықтап алу керек. Жылқылар өз мақсаттарына адал және ойлары жинақы болған кезде жақсы оқиғалар көп күттірмейді.

 

Қой

(1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015 жылы туғандар)

Жаңа жыл әрқашан өзімен бірге жақсылыққа үміт әкеледі және барлығын таза парақтан бастауға мүмкіндік береді. Ұлу жылы осы белгінің ең жақсы қасиеттерін көрсету үшін қолайлы кезең. Бұл жаңа таныстар мен қарым-қатынастарға ашық болатын және шытырман оқиғалар мен эмоционалды тәжірибелерге дайын болатын уақыт. Күш пен даналық тек кәсіби салада ғана емес, жеке қарым-қатынаста да қолданылуы керек екенін есте ұстаған жөн. Жанашырлық пен түсіністік сіздің жеке өміріңізде үйлесімділік пен бақыт құруға көмектесетін негізгі қасиеттер болады.

 

Мешін

(1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016 жылы туғандар)

Ұлу жылы мешіндер үшін қиындықтар да аз болмайды. Алайда, егер сіз өзіңіздің тапқырлығыңызды қолдана білсеңіз, жолдағы барлық кедергілерді жеңе аласыз. Мешін белгісі о бастан әзіл-қалжың сезіміне ие және бұл қасиет оларды тіпті ең қиын жағдайлардан да алып шыға алады. Ашық-жарқын және көпшіл бола отырып, мешіндер өздерінің өсу деңгейлерін дәл белгілей  алады. Бұл тек кәсіби қарым-қатынасқа ғана емес, жеке өмірге де қатысты. Мешіндер жаңа таныстарға, ұжымдық жобаларға қатысуға және идеялармен бөлісуге дайын болуы керек. Басқа адамдармен қарым-қатынас жаңа мүмкіндіктер әкеліп қана қоймай, жеке дамуға да көмектеседі.

 

Тауық

(1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017 жылы туғандар)

Ұлу жылы тауықтардың әсіресе мансап саласында жолы болады. Олардың алдында қызықты жаңа перспективалар ашылады, сонымен қатар өзіңізді мүлдем жаңа салада сынап көруге мүмкіндік бар. Бұл кәсіби өсу және жаңа биіктерге жету үшін тамаша уақыт болуы мүмкін. Алайда, эзотериктер тауықтарға заттарға тым сыни көзқарастан аулақ болуға кеңес береді. Оның орнына ұйымдастырушылық қабілеттеріңізді пайдалана отырып, топта жұмыс істеуді үйрену маңызды. Ұжымдық жұмыс пен ынтымақтастық жалғыз әрекет етуден гөрі көп жеміс бере алады. Тауықтар жұмыста сәттілікке жету үшін икемділік пен келісімге келуге дайын болуы керек.

 

Ит

(1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018 жылы туғандар)

Ұлу жылы – адалдық пен парасаттылық ерекше бағаланатын уақыт. Сіздің принциптер мен этикалық нормаларға деген адалдығыңыз бастықтар мен әріптестердің назарын аударуы мүмкін. Кәсіби шеберліктің жоғары стандарттарын сақтауға және сенімді серіктес болуға тырысыңыз. Сіздің адалдығыңыз лайықты бағасын алады және сіздің беделіңізді нығайтуға көмектеседі.

 

Доңыз

(1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019 жылы туғандар)

Ұлу жылы өзгермелі жағдайларға бейімделуге көмектесетін шығармашылық қабілеттер ерекше бағаланады. Жаңа қиындықтарға дайын болыңыз және қалыптасқан жайлы өміріңізден қол үзуге қорықпаңыз. Бұл үлкен жетістікке жету үшін өзіңіздің тапқырлығыңыз бен өзіндік ерекшелігіңізді көрсетуге тура келетін уақыт болуы мүмкін. Алайда, ерекше қиындықтар туған кезде ағымға қарсы жүзуге тырысудың қажеті жоқ екенін ұмытпаңыз. Оның орнына қоршаған әлеммен үйлесімділік табуға тырысыңыз және оның қолдауын пайдаланыңыз.

 

Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу