Президент шығысқазақстандық оқушының тілегін орындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шығысқазақстандық оқушының тілегін орындады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Күршім орта мектебінің 4-сынып оқушысы Әрсен Нұрдықаламов Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысына хат жолдаған. Өзінің күй үйірмесіне қатысатынын айтқан бала шәкірт домбыра алуды армандайтынын жеткізеді. Оқушының тілегі орындалды. Бүгін Күршім ауданының әкімі Алмас Ақышов Президенттің сыйлығын Әрсен Айдосұлына өзі табыс етті.
Нұрдықаламовтар отбасы көп балалы екенін айта кеткен жөн.
– Мен енді ұстаздардың үйреткенін үйде қайталап, шығармашылығымды шыңдаймын. Өте қуаныштымын. Жанұям да риза. Президентке алғыс айтамын! – деді оқушы Әрсен.
Оқи отырыңыз