KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Халықаралық қатынастар нығая түседі

https://www.azattyq.org

3.01.2024, 12:54 164 Оразай Жеңісұлы

2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді.

Бұл туралы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ел президентінің сұхбатын талқылаған Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ағымдағы жылдың еліміз үшін маңыздылығына мән берді. Ұжым 2024 жылы елімізде өтетін бірқатар ауқымды саммит, форумдарға тоқталды. Сондай-ақ, дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқи­ға болмақ. Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріп­теу жағынан да, Ұлы даладағы көш­пенділер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөз болды.

Ұжымның айтуынша ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізе­ді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев­тың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақым­жан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл то­лады. Сонымен қатар тарихшы­лар­дың пайымдауынша, Жошы ұлысы­ның іргесі қалғанғанына – 800 жыл. Мем­лекет­­тілігі­міз­дің тамыры тым терең­де жатқанын әйгі­лейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеу­лер қолға алынбақ.

Кафедра мәліметнше, биыл Қазақстан тари­хының көптом­дығын әзірлеу жұмыс­тары аяқталады. Бұл – өзімізден 200-ден астам, шетелден 60-қа жуық маман жұмыл­дырылып, тыңғылықты жасалып жатқан үлкен жұмыс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу