ШҚО-да өткен жылы 17 566 адам жұмысқа орналастырылды
Фото: Абзалбекова Анель
Нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және жаңа әлеуметтік объектілерді іске қосу есебінен 32 664 жұмыс орны құрылды.
Оның ішінде тұрақты – 23 546, уақытша – 9 118 жұмыс орны қарасытырылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқытуға 832 адам жіберілді. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 1 871 адам оқытылды. 321 млн. теңге сомасына 236 грант берілді.
Атаулы әлеуметтік көмекті 2 571 отбасы, барлығы 12 087 адам алды.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде облысқа 212 отбасы немесе 631 адам, оның ішінде қандастар – 84 отбасы (259 адам), еңбегі артық өңірлерден қоныс аударушылар – 128 отбасы (372 адам) қоныс аударды.