Өскеменде рубик текшесін құрастырудан жарыс өтеді
шартты сурет
Облыс орталығында рубик текшесін құрастырудан сайыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altyanews.kz тілшісі.
"Oskemen Open-2024" деп аталатын сайыс 20-21 қаңтарда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтеді деп жоспарланған. Ұшқыр ой мен ептілікті талап ететін бұл доданың 10 бағыты бар: 3х3, 2х2, 4х4, 5х5, 3х3 байлаулы көзбен, 3х3 бір қолмен, Pyraminx, Megaminx, Skewb және Square-1.
Жарысқа кез келген қала тұрғындары қатыса алады. Тек алдын ала тіркелу қажет: taplink.cc/qbers
Оқи отырыңыз