KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Ересектер қызылшаға қарсы вакцинаны қай жасқа дейін ала алады?

фото: stan.kz

15.01.2024, 11:02 109

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі қызылшаға қарсы вакцинаны ересектерге қай жаста салған дұрыс екенін айтты. деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Stan.kz сілтеме жасап.

“Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" РМК басқарма төрағасы Манар Смағұлдың сөзінше, қызылшаға қарсы вакцинация тек 30 жасқа дейінгі ересектер арасында жүргізіледі. Өйткені бұл жаста ауру мен оның асқыну қаупі жоғары.

“Денсаулық сақтау министрлігінің №13 бұйрығына сәйкес, 30 жасқа дейін қызылшамен ауырған, бұған дейін вакцинацияланбаған, вакцинация туралы деректері жоқ және инфекцияға қарсы екінші профилактикалық екпе алмағандарға ауруға қарсы екпе салынады. Сондай-ақ қызылшамен ауырған науқаспен соңғы байланыста болғандарға 72 сағаттан кешіктірілмей вакцинация жүргізіледі”, – деді ол.

Манар Смағұл медицина қызметкерлері қауіпті топ болып саналғандықтан, оларға вакцинация 55 жасқа дейін жүргізілетінін айтты.

“Ал балалар арасында вакцина 1 және 6 жас аралығында салынады. Бүгінде ауру жұқтырғандардың көбі 14 жасқа дейінгі балалар және иммундау жасына жетпеген сәбилер. Осы жағдайды ескере отырып, 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі сәбилерге нөлдік дозада екпе салынып жатыр. Одан бөлек 2 және 5 жас аралығындағы балалар арасында вакцинация жүргізіліп жатыр”, – деді басқарма төрағасы.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу