Өскемендегі жылы аялдамада кофехана ашылды
Өскемендегі жылы аялдамалардың бірінде шағын кофехана ашылды.
Мұндағы қызметкерлердің айтуынша қаладағы ең арзан кофе осында сатылады, деп хабарлайды Altyanews.kz тілшісі.
Пилоттық жоба негізінде ашылған аялдамада жеңіл тағамдар мен ыстық шәй сатылады. Сонымен қатар, мұнда қала кофеханаларынан әлдеқайда арзан бағада кофе сатылады.
-Аялдамаға келген адамдар таң қалады. Өзгеше кофехана елдің қызығушылығын да тудырады. Олардың барлық сұрақтарына жауап береміз. Мұнда басқа кофеханалардан екі есе арзан кофе сатылады. Сапасы мен дәмі еш кем емес. Барлығын табиғи, таза өнімнен жасаймыз. Оның үстіне жұмыс уақыты аяқталғанда жылы аялдаманы тазалап отырамыз, - дейді кофехана қызметкері Әділ Насимолда.
Айта кетсек, жылы аялдамадағы кофехана таңғы 6:00-ден түнгі 22:00-ге дейін, автобус кестесі бойынша жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз