Қазақстан Таяу Шығыс пен Африкаға бітімгершілік күштерін жібереді
Фото: un.org
Бүгін Астанада өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болғандай Қазақстан Африка елдеріне бітімгершілік күштерін жіберетін болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсынысты депутаттардың қарауына жолдады. Парламенттегілер бітімгершілік күштерді жіберуді қолдап, бірауыздан дауыс берді.
Заңға сәйкес, бітімгершілік күштерді басқа елдерге жіберу мәселесін Мәжіліс пен Сенат депутаттары бірлесіп шешеді.
Жанаргүл Мұқатай
Оқи отырыңыз