Қазақстанда көмір өндіру көлемі артып келеді
ҚР отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көмір өндіруді жыл сайын ұлғайту көзделген.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жақын уақытта Богатырь көмір кенішінде циклдік-ағындық технология іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Энергия өндіруші және өнеркәсіп кәсіпорындарының, бюджеттік ұйымдар мен халықтың көмір өніміне қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында көмір химиясына кезең-кезеңімен көше отырып, көмір өндіруді ұлғайту, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін арттыру бағытында жұмыс жалғасып жатыр
ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша алыс шет елдерге тас көмір мен лигнит экспорты 6,5 есеге (1,3 млн.тоннадан 8,5 млн. тоннаға дейін) ұлғайды.
Бұл, ең алдымен, Еуропалық одақтың қазақстандық көмірге деген сұранысының артуына байланысты. Осылайша, отандық жер қойнауын пайдаланушылардың экспорттық әлеуеті сұранысқа сай арта түсетін болады.