KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
491.7 531.28 5.07

Жазатайым оқиға кезінде жұмысшы құқығы қалай қорғалады? – ШҚО

Фото: Наргиз Еркинбекова

1.02.2024, 16:04 113 Оразай Жеңісұлы

Биыл 1 қаңтардан бастап еліміздің еңбек туралы заңнамасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені мәлім. Бұл жаңалық қызметкердің жұмыс беруші алдындағы ұстанымын, мүдделері мен құқықтарын қорғауға мол мүмкіндік береді.

Жергілікті органдардың да осы саладағы құзыреттері Еңбек кодексіне сәйкес кеңейтіледі. Бұл жөнінде облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, енді еңбек жөніндегі инспекторларға бірқатар маңызды функция беріледі.

– Осы функциялардың бірі – жұмыс берушілердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын бақылауды жүзеге асыру. Сондай-ақ еңбек жөніндегі инспекцияларға жұмыс беруші өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалуын бақылау жүктеледі. Әңгіме жұмыс берушінің қызметкердің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін материалдық жауапкершілігі туралы болып отыр, – деді Б.Қизатов.

Алдағы уақытта жергілікті еңбек инспекциясы органы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеп, есепке алып отырады.

Еңбек кодексіндегі «Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері» деп аталатын 23-бап та маңызды тармақшамен толыққанын айта кетуіміз керек. Яғни енді жұмыс беруші жұмыс барысында жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкерімен зейнетақыға дейінгі сақтандыру шартын жасасуға міндетті болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив