Ұшақтағы террорлық акт туралы жалған ақпарат таратқан
freepik.com
Жалған хабарлама үшін шетел азаматына 2,5 млн теңге айыппұл салынды.
Былтыр күзде орын алған оқиғаға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
36 жастағы шетелдік азамат Астана – Санкт-Петербург бағытындағы әуе рейсінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін ұсталған болатын. Сотқа дейінгі тергеу кезінде ол кінәсін толық мойындап, ісіне өкініш білдірген.
Ол бұл қадамға отбасынан айырылып қалмас үшін барғанын айтқан. Өйткені отбасылық жанжалдан кейін жұбайы Санкт-Петербургке ұшып кетпекші болған. Сол себепті де ойланбай әрекет етсе керек.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 750 АЕК, яғни, 2 млн 587700 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.