Риддерде жоғалған адамды іздеуге барлық күш жұмылдырылды
instagram/volontery_uka_lider.kz
ШҚО әкімі желтоқсанда жоғалған Рамиль Ғазизовты іздеуге тапсырма берді.
Бүгін таңертең әкімдік, полиция, ТЖ қызметтері, туыстары және қаланың барлық еріктілері іздеу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
- Таңғы сағат 06.30-да Риддер қаласының полиция бөлімінде еріктілер, сондай-ақ құтқарушылар, иттермен кинологтар, ТРЕЭКОЛ, жол талғамайтын Камаз, ГАЗ66 жиналды. Қарда жүретін көліктері бар барлық тұрғындарды қаламыздың тұрғынын іздеуге атсалысуға шақырамыз, - деп хабарлады Риддер қалалық әкімдігі.
Естеріңізе сала кетейік, 29 желтоқсанда Рамиль Ғазизов Риддер қаласынан 50 шақырым жерде орман дайындау жүріп жатқан учаскеге күзетке жұмысқа кеткен. Туыстарының айтуынша, 36 жастағы азамат қарауыл үйіне бармаса керек, пеші жағылмаған екен. Оның үстіне үйшіктің ішінде заттар шашылып, терезе әйнегі сындырылған.
Оқи отырыңыз