Өскеменде оқушылар жанжалдасқан мектепте тексеріс жүргізілуде
ШҚО ПД
Оқушылары пышақ жарақатын алған мектеп директорына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде.
Мектеп әкімшілігі тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Өткен сәрсенбі күні Өскемен қаласындағы мектептердің бірінде екі оқушы арасында жанжал шығып, бірі өзіне және қарсыласына пышақ салған.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі ауруханаға жатқызылған жасөспірімдердің жағдайы қалыпты екендігін мәлімдеген.
Ал Өскемен қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта мектеп директорына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
- Аталған факті бойынша білім бөлімі қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Мектеп әкімшілігі тәртіптік жазаға тартылды. Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты бақылауда. Мектеп директорына қатысты қызметтік тексеру тағайындалған. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады, - делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз