5 ақпанда магнит дауылы соғады
Фото: vesti.ua
Астрономдар 5 ақпанда G1 магнит дауылы болатынын мәлімдеді. Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасының сайтында ұсынылған деректерге сүйенсек, 5 ақпаннан кейін ұзақ тыныштық, 26 ақпанда, шамалы, ауытқу болады.
Магнит дауылдарының күші бес балдық шкала бойынша бағаланады. G1 дауылы әлсіз болып саналады. Дегенмен ауа-райына тәуелді адамдар мұны сезінеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Созылмалы аурулары бар адамдардың жалпы денсаулығы нашарлауы мүмкін. Оларға өз денесін мұқият тыңдауға және қажет болған жағдайда тиісті көмек алуға кеңес беріледі.
Бұрын 18 және 19 ақпанда магнитті дауыл болады деп болжанса, қазір болжам өзгерді. Сарапшылар күн белсенділігін алдын ала болжау қиын болуы мүмкін дейді.