Шілденің қай күндері қауіпті?
Фото: my.ua
Шілде айында магниттік дауылдар соға ма? Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының деректеріне сүйенсек, алғашқы аптада ешқандай өзгеріс байқалмайды. Тек 8 шілде күні жердің магниттік өрісінде өзгеріс болады.
12 және 13 шілдеде күшті магниттік дауыл болуы ықтимал. Содан айдың соңына дейін магнитосфера тынышталады.
Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.
Магнитті дауылдың ағзаға әсерін азайту үшін мына ережелерді сақтаңыз:
- таза ауада жиі серуендеңіз;
- бұл күндері алкогольді сусын, кофе және майлы тамақ ішпеңіз;
- көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқы қандырыңыз;
- су режимін сақтаңыз.