Полиция Өскемендегі жаппай жол-көлік оқиғасы туралы түсініктеме берді
Кеше, 5 ақпанда Әуезов даңғылындағы бірнеше автомобиль қатысқан жол-көлік оқиғасына қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Ssanq Yong көлігінің 23 жастағы жүргізушісі М.Горький көшесінен М.Әуезов даңғылына шыққан кезде Mitsubishi-мен соқтығысуға жол берді. Сондай-ақ, аталған жол-көлік оқиғасына «ГАЗ», Lexus, Lada Granta автокөліктері де қатысқан. Ssanq Yong жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, апаттан бес адам зардап шекті, оның ішінде 6 жасар бала бар.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз