Алматыда лай көшкіні болған аумақтан қалған үш адамның денесі табылды
Фото: t.me/almaty_akimat
Алматыдағы лай көшкіні болған аумақтан қалған үш адам да өлі табылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Бұл туралы ТЖД өкілдері мәлімдеді. Бұған дейін жасөспірімнің денесі табылған еді.
Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.
Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілі тұрғын үйлердің бірінің астында төрт адам қалуы мүмкін екенін, оның екеуі бала, екеуі ересек адам екенін мәлімдеп, құтқару жұмыстары жүріп жатқанын айтты.