ШҚО тәртіп сақшылары жолда қалған 30-дан астам көлікке көмектесті
pixabay.com
Бірнеше күн бойыт еліміздің көптеген аймақтарында қолайсыз ауа райы жұртты әбігерге салды.
Үш күн ішінде ШҚО полицейлерә ауа райының қолайсыздығына тап болған 30-дан астам жүргізушіге көмек көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Үшінші күн қатарынан облыстық және республикалық маңызы бар бірнеше жолдар бойынша қозғалыс шектеулері енгізілуде. Қатты жел және жолды көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты кей жолдар жабылды.
Соған қарамастан жолға шығып кеткендер түрлі ыңғайсыз жағдайларға тап болуда. Мәселен, жүк көлігінің жүк тиелген тіркемесі тауға шығып бара жатып аударылып, жолдағы көлік қозғалысын бөгеп қалған.
Тәртіп сақшылары халыққа ауа райы туралы ескертулерге құлақ асып, мүмкіндігінше елді мекеннен тыс жерлерге шықпауға шақырады.