ШҚО: Хариузовка өзені арнасына су жіберілді (видео)
видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Риддер қаласындағы Хариузовка арнасына су жіберіліп жатқаны жазылған видео тарады.
Бұл тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды. Altainews.kz тілшісі қалалық әкімдік өкілдерімен хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтады.
- 10 ақпан сағат 19.00-де «Компания ЛКГЭС» ЖШС қысым камерасынан Хариузовка каналына бақыланатын су ағызу жүргізілді. Бұл қаланы үздіксіз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы өндірістік қажеттіліктен туындаған шара. Хариузовка өзені арнасының бойында әкімдік пен төтенше жағдайлар қызметкерлері бақылау жүргізуде. Тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз, - деді Риддер қалалық әкімдігіндегілер.
Жағдай жергілікті әкімдік пен ШҚО әкімдігі назарында.
Оқи отырыңыз