ШҚО-ға Свердлов облысынан делегация келді (видео)
Ресейден келген делегация құрамында Свердлов облысының халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі министрі, өнеркәсіп және ғылым министрінің орынбасары, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлер бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Шығыс өңіріне жұмыс сапарымыз бүгін басталды. Іссапардың басты мақсаты - Шығыстың мәдениет, білім және өнеркәсіп салалаларында тәжірибе алмасу. Қазір облыстағы ірі өндіріс орындарымен танысып жатырмыз, - деп атап өтті Свердлов облысының халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі министрі Вячеслав Ярин.
Бүгін ресейлік қонақтар облыс орталығындағы іргелі өнеркәсіп орындарының бірі – «Үлбі металлургиялық зауытында» және автоматтандыру, электрмен, сумен жабдықтау салаларындағы ірі өндірушілердің қатарынан саналатын «Силумин Восток» ЖШС-да болып, кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
- Свердлов облысы да – өнеркәсіптік аймақ. Біз бүгінде тау-кен өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіпті дамытып жатырмыз. Алдағы уақытта екі облыс арасындағы ынтымақтастықты арттырып, нарықта бірлесе жұмыс атқарамыз деп ойлаймын. Уақыт өте тығыз болғандықтан делегация өкілдері бөлініп, түрлі салалармен танысуда. Ертең қорытынды жиын өтеді. Нәтижесінде қай салада, қандай ұсыныстар болатынын ортаға саламыз, - дейді өнеркәсіп және ғылым министрінің орынбасары Игорь Зеленкин.
Оқи отырыңыз