Алтай ауданында емханадағы кезек мәселесі талқыланды
Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасы бойынша Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп аудандық емханаға барды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бас дәрігер О.Нұрекенов жағдайды түзету үшін дәрігер қабылдауын ұйымдастыру және кезекті реттеуді қамтитын іс-шаралар жоспарын әзірлейтіндігін атап өтті.
Енді кабинеттердің алдында медбикелер кезекті реттейтін болады. Өйткені кейбір адамдар нақты мәселесі бойынша басқа кабинетке баруы қажет болуы мүмкін.
Мәселелерді жедел шешу үшін тұрғындар 6-34-43 жедел желісіне қоңырау шала алады.
Сондай-ақ, бас дәрігер адамдар ағынын дұрыс бөлу мақсатында олардың құзыреттілігін арттыру үшін медициналық тіркеушілермен оқыту өткізілетіндігін атап өтті.
Сонымен қатар адамдар қандай жағдайда қай кабинетке бару керектігін білуі үшін емханаларда қосымша аншлагтар ілінетін болады.
Айжанат Бақытқызы