KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО-да құтқарушылар мен тәртіп сақшылары жүкті әйелді ауруханаға жеткізді

16.02.2024, 17:48 119 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мен құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға жеткізді. Төтенше жағдай қызметіне пациентті медициналық мекемеге апару үшін Серебрянск қаласынан Жаңа Бұқтырма кентіне дейін жедел жәрдеммен жеткізуге көмек керек екендігін айтып дәрігерлер хабарласқан.

ТЖД жол талғамайтын автокөлікпен  жедел жәрдем дәрігерлерінің бригадасын жол қауіпсіздігін камтамасыз ете отырып, пациентке дейін жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Дәрігерлер жүкті ананы қарап шыққан соң Серебрянск қаласының емдеу мекемесіне апару туралы шешім қабылдаған. Жол қызметтерінің арнайы техникасымен жол сала отырып, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жүкті әйелді жедел түрде медициналық мекемеге дейін алып барған.

ШҚО ТЖД және полиция қызметкерлері азаматтардан түсіністікпен қарауды, ескертулерге немқұрайды карамауға және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу