KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Катонқарағай орманынан қандай мөлшерде ағаш дайындауға рұқсат?

23.02.2024, 11:05 88 Қызырбек Дүргінбайұлы

Катонқарағай Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағынан ағаш дайындаудың ережесі бар. Онда жыл сайын орманның санитарлық жағдайын жақсарту және жоғарғы өнім беретін орман қалыптастыру мақсатында санитарлық, күтіп-баптап кесулері және жел жыққан, опырылып сынған ағаштарды жинау шаралары жүргізіледі.

Биыл осындай мақсатта Катонқарағай орманынан 9653 текше метр ағаш дайындалмақ. Десе де алдағы жылдарда орманнан ағаш кесу азаяды. Сондықтан да орманшылар жергілікті тұрғындарға күн жылыда таскөмір жеткізіп алу керек екендігін ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Орманшылар бір жыл бойы қураған, әлсіреген, өсу жасынан асқан, жел жыққан, сынған ағаштарға санақ жүргізіп, тазартып алуға жататын ағаш көлемін анықтайды. 

– 2023 жылдың жаз айларында орман жағдайына тексерулер жүргізілген. Кесілетін ағаш көлемі, аумағы анықталып құжаттары өкілетті органға жолданған болатын. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 27.12.2023 жылғы №27-4/337 НҚ бұйрығына сәйкес, Катонқарағай МҰТП-на 591,75 га аумақта 9653 текше метрден астам ағаш дайындауға рұқсат берілді. Қазіргі уақытта орманшылықтарда жергілікті тұрғындарға рұқсат құжаттары беріліп, мөлдектерден отындық ағаш босатылуда,– деп жазды Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өткен күздің қыркүйек айының соңғы он күнінде сулы қардың жаууына байланысты орманда көптеген ағаштар сынып, тамырымен қопарылып құлаған. Зақымданған ағаштардың басым бөлігі - қайың ағашы. Осыған байланысты парк қызметкерлері 2024 жылы уәкілетті органнан осы қураған ағаштарды тазарту үшін қосымша рұқсат алу жоспарлап отырғандарын айтады. Сондықтан өңір тұрғындары 2024-2025 жылдың қыс айларында отыннан тапшылық көрмейді.

Жоғарыда біз Катонқарағай МҰТП-і 2024 жылы 591,75 га аумақта 9653 текше метр ағаш дайындауға рұқсат алғанын айттық. Соның ішінде кәделік ағаш бойынша 247 текше метр, санитарлық кесу бойынша 8326 текше метр, күтіп-баптап, кесу бойынша 380 текше метр және басқа мақсатта кесулер бойынша 700 текше метр ағаш дайындалмақ.

Ал орманшылар болса тұрғындарға алдағы жылдарда ағаш дайындау азаятынын ескертті. Өйткені орман - біздің өңірдің басты байлықтарының бірі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив