Қазақша сөйлеп үйренгіңіз келе ме?
Өскемен қаласында "Кел, сөйлесейік" тегін қазақ тілі клубтары мен үйірмелері бар.
Солардың бірі орталық балалар кітапханасында, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Үйірменің мақсаты – өзге ұлт өкілдерін күнделікті тұрмыста қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге үйрету.
Орталық балалар кітапханасында "Кел, сөйлесейік" тегін қазақ тілі үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Қатысушылар өткен тақырыптар мен жаңа сөздерді қайталады. Жаңа сабақта олар қысқартылған сөздермен танысып, сұрақтарға жауап берді.
– Егер сіз қазақша сөйлегіңіз келсе, бірақ тіл білетін ортаңыз жоқ болса, бізге келіңіз, – деп халықты шақырады орталық балалар кітапханасының қызметкерлері. – 6 наурыз күні сағат 10-да "Кел, сөйлесейік" тегін қазақ тілі үйірмесінің кезекті сабағы өтеді.
Айта кетейік, клубтар 14 мекенжайда орналасқан. Бір сабағы 1 сағатқа созылады. Атап айтар болсақ:
- Орталық қалалық кітапханада (Е.П. Славский, 22) дүйсенбі, бейсенбі күндері 18.30-да басталады;
- Орталық балалар кітапханасы (М. Горький к-сі, 54) сәрсенбіде 18.00, сенбіде 16.00-де;
- №1 кітапхана (Сәтбаев даңғылы, 14) жұма күні 11.00 (Ересек топ), сенбіде 9.00 (Балалар тобы);
- №2 кітапхана (Гагарин бульвары, 24) сейсенбіде 9.00, бейсенбіде 11.00-де;
- №6 кітапхана (Аблакетка, Островский көшесі, 8) сәрсенбіде 17.00-де;
- №7 кітапхана (Прохладное, Бажов к-сі 343/3) сенбіде 16.00 (Балалар тобы), 17.00 (Ересектер тобы)
- №8 кітапхана (Согра, Егорова к-сі, 12) жұма күні 10.00-де;
- №10 кітапхана (Меновное, Горький к-сі, 11а) бейсенбіде 12.00-де;
- №11 кітапхана (Защита, Косорев к-сі, 32) сенбіде 14.00-де;
- Альшемали сауда үйі (Мызы к-сі 16/11, 4 қабат) дүйсенбіде 17.30, сәрсенбіде 08.00,
- Машиностроители к-сі, 4 бейсенбіде 09.00-де;
- Эмиль, Протозанов к-сі, 5 сәрсенбіде 08.00-де.
- Промышленная, 2 (ТЭЦ), сейсенбіде 11.00-де.