Бір топ бала пойыздың ішін күймен тербетті
Жарысқа бара жатқан домбырашылар жолаушыларға көңіл күй сыйлады.
Бұл сәтті пойыз вагонының жолсеріктері түсіріп, желіде жариялаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
№11 «Алматы 2-Шымкент» бағытындағы пойыздың №19 вагонында жолға шыққан дарынды домбырашылар «Turan» күйін орындап, жолаушыларды таң қалдырды.
- 23 ақпанда жеті жас домбырашы мұғаліммен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан. Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, вагон жолаушыларына өз ойындарымен керемет көңіл-күй сыйлады. Бейнежазбаны №11 пойыздың 19 вагонның жолсеріктері ұсынды, - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз