Электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан бір адам көз жұмды
pexels.com
Оқиға Алматы облысының Қарасай ауданында орын алды.
Саяжай бірлестігіндегі үй өртеніп,төбе жабыны құлаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.
- 25 ақпанда сағат 02.49-да Алматы облысы ТЖД Райымбек ауылдық округінде саяжай қоғамының тұрғын үйінде 68 ш.м. алаңда өрт болып, салдарынан төбе жабыны құлағаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлады ҚР ТЖМ.
04.00-де өрт оқшауланып, 05.03-те сөндірілді. Өрт орнында үй иесінің денесі табылды.
Өртті сөндіруге ТЖД, полиция, жедел жәрдемнің 20 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз